Әдістемелік кабинеттің мақсаты:

Оқытушыларды қолдау үшін ақпараттық-әдістемелік базаны құру, олардың кәсіби біліктілігін және өздігінен білім алуын жетілдіру.

• Әдістемелік кабинеттің міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы кәсіптік және техникалық білімге міндетті білім беру стандарты негізінде жұмыстар жүргізу
  • Оқу бағдарламалық құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу
  • Өзінің пәні бойынша оқыту және әдістемелік жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізу, оқу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету
  • Оқытушылардың кәсіби іскерлігі мен шеберлігін арттыру жұмыстарын, психологиялық-педагогикалық білімдерін тереңдету іс-шараларын және жолдарын қарастыру
  • Барлық оқытушылар «Оқыта отырып, тәрбиелеу» қағидасы бойынша жұмыс істеу
  • Оқыту әдісі шеберлігі мен кәсіптік біліктілікті жүйелі түрде арттыру. Өз пәнін жетік білу, белсенділік көрсету, педагогикалық және өндірістік мәселелерді шешуге қатысу
  • Кабинеттерді қазіргі таңдағы жаңа көрнекіліктермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету
  • Әдістемелік кабинет жұмысының басты бағыттары:

  • Білім беру барысында кешенді оқу-әдістемелік жасау және жаңартуда оқытушыларға көмек көрсету;
  • Озық педагогикалық тәжірибені, қазіргі заманның әдістемелерін және оқыту технологияларын оқу, жүйелендіру және тарату;
  • Жаңашыл, сараптамалық жұмыстарды, жаңашыл жобалардың іс-әрекетін дайындау және өткізу;
  • Педагогикалық қызметті жетілдіруде оқытушыларға ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсету;
  • Педагогикалық қызметкерлердің, біліктілігін арттыру және кәсіби қайта дайындауын ұйымдастыру;
  • Оқушылар мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Оқушыларды оқытудың сабақтан тыс түрлерін жетілдіру.
  • Әдістемелік кеңес мәжілістері
  • Мақсаты:Педагогикалық және оқытушы мамандардың кәсіби деңгейін арттыру

  • «Жас маман» отырыстары
  • Мақсаты:Іс жүзінде табысты қолдануы үшін, жас мамандардың кәсіби және ұстаздық ептіліктері мен машықтарын қалыптастыру.

  • Педагогикалық оқулар
  • Мақсаты:Іс жүзінде табысты қолдануы үшін, жас мамандардың кәсіби және ұстаздық ептіліктері мен машықтарын қалыптастыру.

  • Педагогикалық оқулар
  • Мақсаты:Психологиялық – педагогикалық құзыреттілігін арттыру

  • Біліктілік арттыру курстары, тағылымдары
  • Мақсаты:Кәсіби – педагогикалық құзыреттілігін арттыру, жаңа өндірістік технологияларды, жабдықтарды оқу.

  • Оқытушыларды аттестаттау
  • Мақсаты:Оқытушы мамандардың педагогикалық және кәсіби деңгейін арттыру, ұстаздық тәжірибелерді жалпылау және тарату.

  • Ғылыми–тәжірибелік конференцияларға, байқауларға, олимпиадаларға қатысу
  • Мақсаты:Оқытушылардың ғылыми-әдістемелік және ғылыми – зерттеулік шамасын арттыру.

  • Оқушылардың зерттеулік қызметін және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Колледжде оқытушылар мен оқушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу бағытында 4 пәндік бірлестігі: "Жалпы білім беру пәндері", "Техникалық мамандықтар", "Ауылшаруашылық мамандықтар","Ақпараттық технологиялар" жұмыс істейді. Жыл сайын пәндік бірлестіктерінің тарапынан тиімді тәсілмен педагогтар қызметін ынталандыру, сондай-ақ студенттердің ой-өрісін кеңейту мақсатында оқытылатын пәндер мен болашақ кәсіби қызметтің пәндік апталығы, 10 күндік, айлық іс-шаралар өткізу арқылы қызығушылығын арттырады. Іс-шара барысында жастарға мәдени эстетикалық тәрбие беру бағытында ашық сабақтар, ашық тәрбие сағаттары, сабақтан тыс іс-шаралар, дөңгелек үстелдер, кітапханада оқырмандар конференциясы, түрлі конкурстар ұйымдастырады. Айлық, апталық іс-шаралардағы оқытушылардың материалдарын жинақтап, әдістемелік жинаққа енгізеді. Дәстүрге айналып отырған колледжішілік «GaekSkills» чемпионатын өткізу жүйеге қойылған. Чемпионаттың басты мақсаты жалпы әрбір құзыреттіліктің, біліктіліктің, мамандықтардың республикалық деңгейдегі тапсырмалармен ұштастырып байқауды өткізу. Жұмысшы мамандықтарға көбірек көңіл бөліп, заман талабына сай кәсіби білікті мамандықтарды тәрбиелеп шығару болып табылады.

    Қазіргі таңда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу бағдарламаларын іске асыратын, жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар аттестаттаудан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 мамырда № 20618 сәйкес жылда, тұрақты өткізіп отыратын колледж оқытушыларын аттестаттау үрдісі. Аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғалар екі кезеңдік аттестаттаудан өтеді: 1 -кезеңде аттестатталушы Ұлттық біліктілік тестілеу тапсырып, оң нәтиже беруі тиіс. 2-кезеңде аттестатталушы қызметкердің портфолиосын бағалау парағы бойынша іс-шаралардың нәтижелерін кешенді талдау қорытындысы біліктілік санатының талаптарына сәйкес келсе, кезекті және мерзімінен бұрын өте алады.

    Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, санаты Саны
    1 Ғылым кандидаттары/доктор 1
    2 Жоғары біліктілік санаттағы оқытушылар 10
    3 Бірінші біліктілік санаттағы оқытушылар 5
    4 Екінші біліктілік санаттағы оқытушылар 14
    5 Магистрлер 12
    6 Барлығы 42

    Ғылыми-зерттеу жұмыстары

    ТжКББ әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Worldskills стандарттары бойынша аймақтық чемпионаттарды ұйымдастыру» тақырыбындағы аймақтық оқыту семинарында колледж оқытушылардың тәжірибе алмасу сәті.

    ТжКББ әдіскерлері, облыстық колледж әдіскерлері мен оқытушылары арасындағы облыстық «Үздік бейне сабақ» байқауында.


    «Үздік колледж оқытушысы» байқауында «Үздік портфолио» номинациясы бойынша бағалау сәті